ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қаңтар 2021 | 10:22
Жұқтырғандардың бәрі ауруханаға жатқызылады - Бекшин
Енді коронавирус тестінің нәтижесі оң болғанның бәрі ауруханаға жатқызылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Енді коронавирус тестінің нәтижесі оң болғанның бәрі ауруханаға жатқызылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігер Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысында айтылған.
"Сауда және ойын-сауық орталықтары демалыс күндері жабылады, кафелер сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейді, коронавирус тесті оң нәтиже көрсеткендер ауруханаға жатқызылады", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Алматыда пандемия анықталғалы 21 685 адам коронавирус жұқтырды, оның ішінде, 19 830 адам аурудан айықса, жалпы 429 адам қайтыс болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также