28 ақпан 2020 13:32

Жұмағалиев Тоқаевқа ауылдарда интернет орнатуға уәде берді

© Ақорда

Қазақстан Президенті Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, телекоммуникациялық инфрақұрылымды, инновациялық экожүйені және адами капиталды дамыту, экономика салаларын цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды.

Реклама
Реклама

Асқар Жұмағалиев Мемлекет басшысына 250-ден асатын тұрғыны бар елді мекендердің барлығы осы жылдың соңына дейін жоғары жылдамдықты мобильді интернетпен қамтамасыз етілетінін жеткізді.

Сонымен қатар Қазақстан Президентіне қалаларды цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Жұмағалиевке бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram