12 қараша 2021 | 14:46

Жұмыс орындарында COVID-19 жұқтыру көрсеткіші көбейіп барады - Бекшин

Дина Шарипханова Корреспондент

Кейінгі екі аптада Алматыда жұмыс орындарында COVID-19 жұқтырғандар саны артқан. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Кейінгі екі аптада Алматыда жұмыс орындарында COVID-19 жұқтырғандар саны артқан. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жаңа көрсеткіш пайда болды. Кейінгі екі аптада жұмыс орындарында жұқтыру көрсеткіші көбейді. Көрсеткіш бес пайызға өсіп, тоғыз пайызға жетті. Жұмыс берушілерден эпидемияға қарсы режимді күшейтуді сұраймын", - деді Жандарбек Бекшин.

Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы тұрғындар коронавирусты жиі жұқтыратын жерлерді де атады. 

Реклама
Реклама

"Тұрғындар сауда орындарында жиі вирус жұқтырады - 29 пайыз. Сондай-ақ, қоғамдық көлікте - 21 пайыз. 22 пайызы ауруды отбасы мүшелерінен жұқтырған. Ал 9 пайызы базарларда", - деп қосты Бекшин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная