ПОДЕЛИТЬСЯ
14 тамыз 2024 | 10:06
Жұмыссыз қазақстандықтар 46 миллиардтан астам қаражат алды
Жұмыссыз қазақстандықтар жыл басынан бері 46 миллиард теңгеден астам қаражат алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жұмыссыз қазақстандықтар жыл басынан бері 46 миллиард теңгеден астам қаражат алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 1 тамыздағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушылардың саны 198,5 мың адам болған, бұл ретте 148,9 мың азаматқа төлем биылға тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 46,5 миллиард теңге шықты.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған табыстың 45 пайызына дейінгі мөлшерде ФСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также