Жұмыссыздық деңгейі ең жоғары өңірлер аталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі екі жыл бойы өзгеріссіз қалып отыр. 2021 жылдың аяғында ол 4,9 пайыз болған еді, - деп хабарлайды Finprom.kz.

Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі екі жыл бойы өзгеріссіз қалып отыр. 2021 жылдың аяғында ол 4,9 пайыз болған еді, - деп хабарлайды Finprom.kz.

Жұмыссыздар саны бір жылда 0,6 пайызға - 450 мың адамға дейін азайған. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 2,6 пайызға артқан еді.

Реклама
Реклама

Қала мен ауылдағы жұмыссыздар арасында айтарлықтай айырмашылық бар. Қалалардағы жұмыссыздық деңгейі жыл басында 5 пайыз болған, ал ауылдарда жұмыссыздық бір жылда 4,8 пайыздан 4,7 пайызға дейін қысқарған.

Өңірлер арасында жұмыссыздық деңгейі бойынша Түркістан облысы мен Алматы көш бастап тұр. Бұл өңірлерде - 5,1 пайыз. Олардан кейін Шымкент пен Батыс Қазақстан облысы тұр. Онда - 5 пайыз.

Жұмыссыздардың көп бөлігі Алматы мен Алматы облысында тұрады. Бұл өңірлерде жұмыс іздеп жүргендер 100 мыңнан асады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная