14 ақпан 2019 12:35

Жұмыстан шығара салуға болмайды - Асанов Ақтаудағы судьяға қатысты дау жайлы

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© фото Tengrinews.kz © фото Tengrinews.kz

Жақып Асанов Ақтау қалалық сотының төрағасы Мәлік Кенжалиевке қатысты жүргізіліп жатқан қызметтік тексеріс туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жақып Асанов Ақтау қалалық сотының төрағасы Мәлік Кенжалиевке қатысты жүргізіліп жатқан қызметтік тексеріс туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат отырысының үзілісінде Жоғарғы соттың төрағасы журналистерге судьяның жұмыс мансабы туралы сұрақ қойды.

"Егер компанияда бір қызметкер нашар жұмыс атқарса, оған қандай шара қолдану керек? Жұмыстан босатады. Ал сотта жоқ. Сотта олай жасауға болмайды. Бұл тәуелсіздікті бұзады. Сотта мұндай көпсатылы рәсім жарты жылға дейін созылады. Бұл мәселе туралы шаралар жазда басталған. Басында ауызша ауызша ескерту жасалды, сосын жазбаша ескерту жасалды. Бұл дұрыс. Барлық елде осылай жасалады. Жоғарғы соттың төрағасы немесе облыстық соттың төрағасы судьяны жұмыстан босата алмайды. Судьяларды бір шешім немесе айыптау шешімі үшін жұмыстан шығармайды. Судьяларды жұмыстан босату үшін көпсатылы рәсім жасалуы қажет. Бір жағынан жоғарғы инстанциялық судья қабылданған шешімнен немесе айыптаудан дөрекі қате тапса, онда бұл мәселе сот алқасында қаралуы тиіс", - деді Жақып Асанов.

Оның айтуынша, бүгін Сенат Конституциялық заңда сот және судьялар туралы жобаны қабылдады. Ол жақта кадрлық сұрақтар қарастырылған.

'Жоғарғы соттың кадрлық сұрақтары жоғарғы сот кеңесіне өтеді. Ол алқа органы, ол жақта бір емес 16 адам - әртүрлі құрылымның уәкілдері. Бірақ ол жақта көбі судьялар. Себебі олар судьялардың жұмысын білуі керек", - деді Жақып Асанов.

Жоғарғы соттың төрағасы қазіргі кезде Ақтау қалалық соттың төрағасы Мәлік Кенжалиевтің өкілеттігі тоқтатылғанын, бірақ жұмыстан босатылмағанын хабарлады.

"Тоғыз судья шешім қабылдады. Осыған дейін Маңғыстау облыстық соты және сот одағының филиалында шешім шығарған. Сондықтан, бағаны судьялар береді. Енді бұл мәселе жоғарғы сот кеңесінде талқыланады. Қазір тексеріс жүріп жатыр, оның қызметі тоқтатылды, бірақ жұмыстан босатылмады. Мен барлық материалды көргеннен кейін, осыған байланысты мәлімдеме жасаймын. Менің бұл мәселеге басқа көзқарас болуы мүмкін, ал сот төрелерінің ойы басқа болып шығуы мүмкін", - деді Жоғарғы сот төрағасы.

"Түрмеге қамаймын деп қорқытқан". Ақтаудың бас судьясы жұмыстан босатылды

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети