“Жүргізуші куәлігін алып беремін”: Астанада алаяқтық жасаған ер адам ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Елордада полицейлер жүргізуші куәлігін алып беруге көмектесемін деген сылтаумен адамдарды алдаған ер адамды жауапқа тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Елордада полицейлер жүргізуші куәлігін алып беруге көмектесемін деген сылтаумен адамдарды алдаған ер адамды жауапқа тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдікті жәбірленушімен ортақ таныстары арқылы кездесіп, құжат рәсімдеу процесін жеделдетуге "таныстары көмектесетінін" айтып сендірген. Ер адам ауызша сыйақыға келісіп, жеке деректер мен алдын ала төлемді алғаннан кейін байланысқа шықпай кеткен.

Аталған дерек бойынша полиция тарапынан алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Реклама
Реклама

Полиция ескертеді: жүргізуші куәлігін заңсыз жолмен алуға талпыныстардың барлығы қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. Көлік жүргізу құқығын алу тек белгіленген тәртіппен – оқудан өтіп, емтихан тапсыру арқылы ғана мүмкін. Азаматтарға қырағылық танытып, бейтаныс адамдардың ақшаға заңсыз көмек көрсету туралы уәделеріне сенбеу қажет. Күмәнді жағдай туындаған кезде "102" нөміріне хабарласу ұсынылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама