13 наурыз 2017 | 10:59

"Жүргізуші куәлігін сатып алдым" деп мақтанған қыздың әкесі жағдайды түсіндірді

Әлеуметтік желіде жүргізуші куәлігін сатып алдым деп мақтанған алматылық қыздың әкесі оқиғаның жай-жапсарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әкесі Жамбыл Фазылов қызы Айгерімнің шын мәнінде Алматы облысынан жүргізуші куәлігін алғанын растады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желіде жүргізуші куәлігін сатып алдым деп мақтанған алматылық қыздың әкесі оқиғаның жай-жапсарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әкесі Жамбыл Фазылов қызы Айгерімнің шын мәнінде Алматы облысынан жүргізуші куәлігін алғанын растады. 

"Ол жүргізуші куәлігін Алматы облысынан алған. Емтиханды өзі тапсырды. Мемлекеттік салығын 1,25 АЕК көлемінде (2 836 теңге) төледі. Осыны қызым "сатып алу" деп түсінген. Мен оған салықтың шамамен үш мың теңгеге жуық екенін айтқанмын. Ол ақылсыздығынан жазған. Осыны өзіне түсіндірдім, жазбасын өшірді", - деді ер адам.

Реклама
Реклама

"Ол оқыды, нұсқаушымен бірге оқыды. Емтиханнан лайықты түрде өтті", - деді әкесі.

Айтуынша, қазіргі уақытта қызының көлігі жоқ. 

Ал осыған дейін қыздың куәлік сатып алғаны жайлы скриншот әлеуметтік желілерде пайда болған. Кейін ҚР Әкімшілік полиция комитетінің өкілдері алматылық қыздың мақтанып, "сатып алдым" деген жүргізуші куәлігіне қатысты пікір білдірген. 


© Instagram

ҚР ІІМ ӘПК алдын ала мәліметі бойынша, 21 жастағы алматылық қыз куәлікті Алматы облысынан алған. "Осы дерек бойынша Алматы облысы ІІД тексеріп жатыр. Қазіргі уақытта қыздың мектеп кезінде көлік жүргізуді үйренгенін анықтадық. 2013-2015 жылдары ол емтихан тапсыруға қажетті бағдарламаны меңгерді. Яғни автомектепте екі жыл оқыды. Оның емтиханды қалай тапсырғаны қазір тексеріліп жатыр", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная