ПОДЕЛИТЬСЯ
12 қазан 2021 | 09:47
Жүргізушілер шағымданған дизель қайда сұйылтылған?
Мұнай-газ нарығының сарапшысы Сергей Смирнов дизель отынының сапасы нашар екені туралы айтқан жүргізушілердің шағымына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мұнай-газ нарығының сарапшысы Сергей Смирнов дизель отынының сапасы нашар екені туралы айтқан жүргізушілердің шағымына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айта кетейік, бұған дейін Желіде қазақстандық жүргізушілер қатып қалған және парафинделген дизель отынын көрсеткен видео тараған еді. Дизельдің сапасы нашар болғандықтан жүргізушілер жолда қалып қоюы мүмкін.
"Негізі, мұнай өңдеу зауыттарында ондай жасалмайды. Зауытта сапалы отын жасалады, көбіне ол Евро-4. Ал сапасы нашар дизель зауытта емес, жанармай станциясына жіберілген кезде сұйылтылуы мүмкін", - дейді Смирнов.
Сарапшының сөзінше, Қазақстанда отын сапасын бақылаудың бірыңғай жүйесі жоқ.
"Сапаны бақылаудың бірыңғай жүйесі жоқ. Кеңес Одағы кезінде болатын, бірақ Кеңес ыдырағаннан кейін жүйе де бұзылды. Бүгінде тексеріс көп жүрмейді, оның үстіне тек тұтынушылардың шағымынан кейін тексеріп жатады. Отынға экспресс атлдау жасауға болады, бірақ оны өз қалтаңнан төлейсің, ол арзан емес, ал ол кімге керек? Жанармай құйып, бекеттен 100 метр шығып кеткеннен кейін көлігің істен шықса, оны кімге дәлелдей аласың?", - дейді сарапшы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также