ПОДЕЛИТЬСЯ
27 мамыр 2020 | 09:37
Журналист Алматы облысындағы блокбекетті қалай айналып өтуге болатынын тексерді
"31" телеарнасының журналисі Нұрғали Қарабаев тәжірибе жасап, Алматыдағы блокбекетті қалай оңай айналып өтуге болатынын біліп көрді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"31" телеарнасының журналисі Нұрғали Қарабаев тәжірибе жасап, Алматыдағы блокбекетті қалай оңай айналып өтуге болатынын біліп көрді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Телеарнаның редакциясына тұрғындардан сыйақы беру арқылы Алматы маңындағы блокбекетті айналып өтуге болады деген сыңайдағы хабарламалар түскен. Қаланың облыспен шектесетін аумағында "көмекшілер" пайда болыпты. Олар мегаполисте жұмыс істеуге ресми рұқсаты жоқ адамдарға қызмет көрсетуге тырысқан.
Нұрғали Қарабаев "Алтын Орда" базары маңындағы блокбекетке барған. Алайда ол "көмекшілерді" кездестіре алмапты. Алайда такси жүргізушісі оларды қалай табуға болатынын айтқан.
"Базардың ішімен құрылыс материалдарын іздеген болып жүре бер. Онда есік бар, сол арқылы шығасың. Барлығы солай жүреді", - дейді жүргізуші.
Тілші тиісті қақпаны тапқан. Бұл жерден тұрғындар кіріп-шығып жүрген. Ешқандай кедергі болмаған. Тек күзет қызметі маска тағуды өтініпті. Осылайша журналист блокбекеттен айналып өткен.
Показать комментарии
Читайте также