20 желтоқсан 2022 18:41

Журналист Михаил Козачков 2 айға қамауға алынды - сот

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматы қаласының тергеу соты журналист Михаил Козачковты 2 айға қамауға алу туралы шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласының тергеу соты журналист Михаил Козачковты 2 айға қамауға алу туралы шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін Алматы қаласының тергеу соты тергеу органдарының М.Козачковқа қатысты бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатын қарады. Тергеу сотының шешімімен М. Козачковты екі ай мерзімге, яғни 2023 жылдың 18 ақпанына дейін қамауға алу туралы шешім қабылданды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес соталды тергеп-тексеруге қатысты өзге де мәліметтер тергеу құпиясы болғандықтан жария етілмейді", - делінген Алматы сотының хабарламасында.

Еске салайық, танымал журналист Михаил Козачков 18 желтоқсанда ұсталған болатын. Бұл ақпаратты Қаржылық мониторинг агенттігі растады. Ол Коспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына рейдерлік басып алулар жасауға көмектескен деген күдікке ілінген.

Реклама
Реклама

Бұл іске қатысты Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай да пікір білдірген болатын. Ол бұл іс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тек құқық шеңберінде қаралуға тиіс екенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram