29 қаңтар 2022 | 18:02

Журналист Президент Тоқаевпен сұхбаты туралы ерекше анонс түсірді

Видеодан алынған кадр

"Хабар 24" телеарнасының журналисі Вера Захарчук Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен сұхбаты туралы ерекше анонс түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Хабар 24" телеарнасының журналисі Вера Захарчук Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен сұхбаты туралы ерекше анонс түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шамасы, видео Мемлекет басшысымен сөйлесіп болғаннан кейін бірден смартфон камерасына түсірілген.

Төменде кадрлардағы диалог көрсетілген:

Реклама
Реклама

"Бұл мен, егізі емеспін", - дейді Президент.
"Біз елімізде болып жатқан барлық оқиға туралы өте ашық сұхбат жаздық", - дейді Вера Захарчук.
"Шынымен, сұхбатты көріңіздер", - деп толықтырды Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Көруге тұрарлық нәрсе бар ма?", - деп сұрайды Вера Захарчук.
"Менің ойымша, тыңдау керек", - деп жауап береді Президент.
"Әсіресе біреулер...", - деп аяқтады журналист.

Оған қоса жарияланған тағы бір ресми тизер бар. Видеоға қарағанда Президент Тоқаев атыс бастау туралы бұйрық, Тұңғыш Президент, кадрлық шешімдер, Гегель мен Бабель туралы айтып береді.

Бұған дейін Президент баспасөз хатшысы Берік Уәли бүгін, 29 қаңтарда "Хабар" және "Хабар 24" телеарналарынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың эксклюзив сұхбаты көрсетілетінін хабарлаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram