Журналист Президент Тоқаевтың аяқкиімі туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

Журналист Әділ Балтабаев Қазақстан Президентінің аяқкиімі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналист Әділ Балтабаев Қазақстан Президентінің аяқкиімі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазір Қазақстан Президенті Өзбекстанда мемлекеттік сапармен жүр. Мемлекет басшысының ресми Telegram-арнасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапарынан суреттер жариялады.

Президентпен түскен суреттердің біріне қазақстандық журналист Әділ Балтабаев пікір білдірді. Ол Мемлекет басшысы өзбекстандық әріптесімен кездесуге отандық аяқкиіммен барғанын атап өтті.

Реклама
Реклама

"Айтпақшы, Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық өнімге басымдық беруі бірінші рет емес. Мемлекет басшысы еліміздің өңірлеріне жұмыс сапарымен барған кезде де қазақстандық аяқкиіммен жүрді", - деді журналист Telegram-арнасында.

Сурет: Ақорда баспасөз қызметі

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама