14 тамыз 2023 | 10:07

Журналист Сандуғаш Дүйсенова полицияда жалаңаш видеоға түсірілгенін мәлімдеді: ПД жауабы

Дина Шарипханова Корреспондент
Сандуғаш Дүйсенова. Фото блогердің Facebook-парақшасынан

Жетісу облыстық Полиция департаменті журналист Сандуғаш Дүйсенованың полицейлердің жалаңаш суретке түсргені туралы мәлімдемесіне жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жетісу облыстық Полиция департаменті журналист Сандуғаш Дүйсенованың полицейлердің жалаңаш суретке түсргені туралы мәлімдемесіне жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"БАҚ-та және әлеуметтік желілерде азаматша Д. ұстау кезінде полиция қызметкерлері тарапынан заңсыз әрекеттер орын алғаны туралы ақпарат тарап жатыр. 11 тамызда соттың санкциясымен соталды тергеп-тексеру аясында азаматша Д. жеке тінтуі жүргізілгенін хабарлаймыз"

"Жеке тінту рәсімі тергеуші, криминалист және екі куәгердің қатысуымен (барлығы тiнтілген адаммен бір жынысты) Қылмыстық-процестік кодексінің талаптарына қатаң сәйкес жүзеге асырылды. Осы тергеу әрекетін жүргізу кезінде ғылыми-техникалық құралдарды (бейнекамера) қолдану міндетті және ҚПК-мен реттеледі" делінген Жетісу полициясы таратқан хабарламасында.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде блогер әрі журналист Сандуғаш Дүйсенованың полиция бөлімінде жалаңаш күйде видеоға түсірілгені туралы ақпарат тараған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная