18 наурыз 2022 | 11:59

Журналистер мен БАҚ қудаланбайды - министр

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров журналистерді қудалауға қатысты сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров журналистерді қудалауға қатысты сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында журналистер министр Омаровтан Қазақстандағы журналистерге қатысты жағдайды сұрады.

"Журналистер мен жекелеген БАҚ шетелдік агент ретінде таныла ма" - деп тілші сұрақ қойды.

Реклама
Реклама

"Бұл біздің әдіс емес. Менің ойымша, біздің елде журналистер мен БАҚ қудаланбайды. Біздің жол - бәсекеге қабілетті әрі аудитория сұранысына ие болуы үшін БАҚ-тың жемісті дамуы", - деп жауап берді министр. 

Сондай-ақ, Омаровқа кейбір журналистер мен БАҚ-ты шетелдік қаржыландыру мен гранттардан бас тартуға мәжбүрлеу мүмкін бе деген сұрақ қойылды.

"Әзірге бірде-бір жұмыс тобын құрған жоқпыз, оның қаралып, қаралмайтыны туралы не айтамыз. Бастысы -  мемлекеттік мүддені қорғауда БАҚ-ты бірінші орынға қою.

"Мемлекеттік мүдде" мемлекет мағынасында емес, бәріміз туралы, біз - мемлекетпіз. Біз аудиторияға сапалы ақпарат беруіміз керек, жалған, расталмаған ақпараттан аулақ болуымыз керек. Неғұрлым қызықты, сапалы ақпарат болса, соғұрлым аудиториямыз артып, БАҚ-тың егемендігін құрамыз", - деп қосты Омаров.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында БАҚ туралы заң мемлекет мүддесін ескере отырып, қайта қаралатынын айтқан болатын. Ол ашық ақпарат кеңістігін, танымал және күшті БАҚ құруға мемлекет ерекше көңіл бөлетінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная