31 наурыз 2023 | 12:35

Журналистерге экс-әкім Мұхамбетов тұрған резиденция көрсетілді

Дина Шарипханова Корреспондент

Қостанай облысының экс-әкімі Архимед Мұхамбетов тұрған резиденция жергілікті журналистерге көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысының экс-әкімі Архимед Мұхамбетов тұрған резиденция жергілікті журналистерге көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл резиденция психоневрологиялық патологиясы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған Оңалту орталығына берілгені белгілі болды.

31 наурызда қостанайлық журналистерге ғимараттың қандай екені, жоғары лауазымды тұлғалар тұрған жер көрсетілді. Бұл резиденция қаладан сегіз шақырым жерде орналасқан.

Реклама
Реклама

Аумақта алты ғимарат, фельдшерлік пункт пен жеке қазандық бар. Қазір мұнда екі күзетші мен қазандық операторы жұмыс істейді.

Бұған дейін мұнда облыстың бұрынғы әкімі Архимед Мұхамбетов тұрған. Ол 2015-2022 жылдар аралығында әкім қызметін атқарған еді.

Резиденцияның айналасы үлкен аумақ, өзенге жол бар.

Еске салайық, бұған дейін Президенттің Қостанай, Ақтау, Тараз, Атырау және Ақтөбе қалаларындағы резиденциялары балалар игілігіне берілетіні хабарланған болатын. Кейін әкімдіктер бұл ақпаратты растап, Президент тапсырмасымен әрекет ететіндерін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная