“Жұрт кредитке тамақ алып ішуге мәжбүр“ - депутат жалақыны кешіктіру мәселесін көтерді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев азаматтар қарызға тамақ алып жүргенін айтып, өзекті мәселені көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев азаматтар қарызға тамақ алып жүргенін айтып, өзекті мәселені көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қоғамдағы қымбатшылық деңгейін көріп отырмыз, күн сайын өсіп жатыр. Қоғамдағы жұмыссыздық мәселесін көріп отырмыз. Осының барлығы азаматтардың лайықты өмір сүруіне мүмкіндік бермейтін мәселелер екенін білеміз. Азаматтар тағы бір мәселемен ұшырасып отыр. Заңды түрде жұмыс істеп жатқан азаматтар уақытында жалақысын ала алмайды. Жұмыс берушілер уақытында төлемейді. Салдарынан азаматтар несиесін уақытында жаба алмайды. Супермаркеттерде біздің азаматтарымыздың кредитке тамақ алып ішуге мәжбүр екенін көреміз", - деді депутат.

Нартай Аралбайұлы алдағы уақытта мұндай жағдайда жұмыс берушілерге қандай шара қолданылатынын сұрады.

Реклама
Реклама

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев депутаттың сауалына жауап берді.

"Жұмыс беруші уақытында айлық төлемесе, жауапкершілікке тартылады. Еңбек кодексінде белгіленген. Олардың жауапкершілігін көтеру мәселесін пысықтап жатырмыз. Жұмыс беруші конфедерациясы және "Атамекен" ұлттық палатасы айыппұлды көтеру жағына қарсылық білдіріп отыр. Себебі жұмыс берушілердің бәрінде мүмкіндік жоқ. Қазір талқыланып жатыр", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама