ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қыркүйек 2024 | 14:42
Жуырда шығыстағы қандай тасжолдарда құрылыс аяқталады?
Көлік министрі Марат Қарабаев жалпы ұзындығы 768 шақырым болатын Талдықорған-Қалбатау-Өскемен тасжолының құрылысы биыл аяқталатынын айтты. Бұл туралы Марат Қарабаевтың Абай облысының тұрғындарымен кездесуінде белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Көлік министрі Марат Қарабаев жалпы ұзындығы 768 шақырым болатын Талдықорған-Қалбатау-Өскемен тасжолының құрылысы биыл аяқталатынын айтты. Бұл туралы Марат Қарабаевтың Абай облысының тұрғындарымен кездесуінде белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Асфальт төсеу жұмыстары аяқталған, қазіргі таңда көпірлер мен жол өтпелеріндегі құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр.
Министрлік мәліметінше, Жетісу өңірінен Аягөз қаласына дейін асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталған. Аягөз қаласының айналма жолындағы үлкен жеті аралықты көпірдің құрылысы аяқталуға жақын және жол айрығының құрылысы толық аяқталды.
"Жаңғызтөбе станциясының ауданында теміржол арқылы өтетін жол өтпесін салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қалбатау кентіне жақындағанда Шаш өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңарту жұмыстары аяқталуға жақын.
Ал 415 шақырым болатын Қалбатау-Майқапшағай күре жолының құрылысы 2025 жылы аяқталмақ. Алайда биыл бұл жолдың Абай облысына қарасты 140 шақырымдық Қалбатау-Көкпекті-Тассай күре жол учаскесінде қозғалыс ашылады. Биыл мамандар асфальт төсеп, жөндеу жұмыстарын жүргізді", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ, Марат Қарабаев Семей-Өскемен автожолымен жүріп өтті. Жалпы ұзындығы 200 шақырымға жуық автожол орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылған. Мамандар жолдың бірқатар учаскесін жөндеп жатыр, қалғанын 2025-2026 жылдар аралығында жөндейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также