20 ақпан 2019 16:44

Жүз пайыз жалған - Бекшин "пластмасса жұмыртқалар" жайлы

видеодан үзінді

Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин Желіде тарап жатқан "пластмасса жұмыртқалар" Қазақстан нарығында сатылып жатыр деген мәліметтің жалған екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин Желіде тарап жатқан "пластмасса жұмыртқалар" Қазақстан нарығында сатылып жатыр деген мәліметтің жалған екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бұл жүз пайыз жалған. Біз Өскеменде дәлелдей отырып тексеру жүргіздік, еш жерде (жұмыртқа) табылған жоқ, бізге ешкім оларды ұсынбады, ешкім бейне салған адамды таба алмады. Жалған болуының негізгі белгілері: қолынан басқа ештеңе көрінбейді. Шағымданушының тегі де, өнім де көрсетілмейді. Таңбалау қазақстандық емес. Ол бұл жағдайдың қайда болғанын, қай қалада болғанын айтпайды. (...) Біз халықты тыныштандырғымыз келеді. Қазақстанда мұндай жағдай болмайды", - деді мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин.

Реклама
Реклама

Осыған дейін Желіде Өскеменде түсірілген ролик деп видео жарияланған еді. 

"Бүгін жұмыста Қытайда жасалған пластмасса жұмыртқалар көрсетілді. Енді Қазақстанға да жетті. Олар үстелде ойыншық секілді. Арнайы тесті, ал ішінде гель. Жұмыртқа мөрі бар. Қайнатқан уақытта, олар ағарады. Байқап қарап қана алыңыздар", - дейді видео сыртындағы дауыс.

 Осыдан кейін, облыстық санитарлық дәрігерлер ветеринариялық бақылау мамандарымен бірге ШҚО-дағы дүкендер мен көтерме сауда орталықтарын тексере бастады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Усть Каменогорск

Публикация от Общественное Объединение ОСА (@oo_osa_semey_vko) 18 Фев 2019 в 5:16 PST

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram