27 маусым 2023 | 12:32

Жыл аяғына дейін зейнетақы өсуі мүмкін бе? Министр Тамара Дүйсенова жауап берді

Алғабек Хамитұлы Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Үкімет кулуарында премьер-министрдің орынбасары - еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жыл соңына дейін зейнетақының өсуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Үкімет кулуарында премьер-министрдің орынбасары - еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жыл соңына дейін зейнетақының өсуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Министр осы жылдың 1 қаңтардан бастап Қазақстанда базалық зейнетақы төлемінің өскенін мәлімдеді.

"Сәйкесінше, базалық зейнетақыны аз алғандар 21 пайызға өсті. "Орташадан" - сәл аз, ал "максималистер " - 8,5 пайыз. Сондықтан біз зейнетақыны қарастырдық", - деді Дүйсенова.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, министр жыл соңына дейін зейнетақының өсуіне қатысты сұраққа жауап берді.

"Бұл инфляцияға байланысты. Қазір Ұлттық банк маусым айында инфляция деңгейі 15 пайызға жеткенін мәлімдеді. Сондықтан біз инфляция деңгейіне қараймыз", - деді Тамара Дүйсенова.

Қазақстанда 1 шілдеден бастап қандай төлемдер мен жәрдемақылар өсетінін осыған дейін хабарлаған едік.

Еске салайық, 1 шілдеден бастап Қазақстанда Әлеуметтік кодекс күшіне енеді, оған сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін кейбір төлемдердің мөлшері ұлғайтылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная