ПОДЕЛИТЬСЯ
06 маусым 2019 | 09:03
Жыл басынан бері 76 адам суға батқан
Жыл басынан бері елде 76 адам суға кеткен. Оның 40-ы жасөспірім. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы айтты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жыл басынан бері елде 76 адам суға кеткен. Оның 40-ы жасөспірім. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы айтты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
ҚР ІІМ ТЖК төрағасы Владимир Беккердің айтуынша, суға ағып кеткендердің 27-сі балық аулау кезінде, 22-сі шомылып жүріп, ал 2 адам басқаны құтқарам деп опат болған. Қазақстанда демалушылар мен балықшылар баратын 50 мыңға жуық өзен-көл бар. Ал құтқарушылардың саны - 1380 ғана. Яғни су қоймаларын мамандармен толықтай қамту мүмкін емес деді Беккер.
Сондай-ақ, ол суға батып кеткендерді есепке алу жүйесі осы жылдан бастап өзгертілгенін айтты.
"Біз енді статистиканы басқаша жүргіземіз. Бұрын біз суға шомылу кезінде қаза тапқандарды ғана есепке алатынбыз. Ал енді өкпесіне су жиналып өлгендердің бәрін тіркейміз. Сонда біз қай жерде қандай профилактикалық жұмыстар жүргізу керектігін түсінеміз", - деді Владимир Беккер.
Показать комментарии
Читайте также