Жыл басынан бері Алатау ауданына 97,5 млрд теңге инвестиция тартылды

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының полицентрлік даму идеологиясы аясында Алатау ауданында әлеуметтік-экономикалық сала ілгерілеп келеді. Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі Талғат Малыбаев мәлімдеді.

Алматы қаласының полицентрлік даму идеологиясы аясында Алатау ауданында әлеуметтік-экономикалық сала ілгерілеп келеді. Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі Талғат Малыбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2025 жылдың алғашқы бес айында аудан экономикасына тартылған инвестиция көлемі 97,5 млрд теңгеге жетті, өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда 127%-ға артқан. Сонымен қатар, кәсіпкерлік те өсті. Тіркелген бизнес субъектілерінің саны 14%-ға көбейіп, бұл өз кезегінде салық түсімінің 48,4 млрд теңгеден 66,8 млрд теңгеге дейін, яғни 38%-ға өсуіне ықпал еткен. Соның арқасында 1 500 жаңа жұмыс орны ашылыпты.

Реклама
Реклама

"Экономикалық өсімнің арқасында Алатау ауданының бюджеті өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға өсіп, шамамен 57 млрд теңгеге жетті. Бұл бізге инфрақұрылымды дамыту мен тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға қаржы бөлуге мүмкіндік беріп отыр", – деп атап өтті Талғат Малыбаев.

Аудан әкімі сондай-ақ 2025 жылы жол инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған ауқымды бағдарламаның жүзеге аса бастағанын хабарлады. 18 шағынауданда жалпы ұзындығы 86,4 шақырым болатын 172 көше орташа жөндеуден өте бастады. Боралдай (57 көше, 14,3 км) және Рахат-Мәдениет (107 көше, 36,3 км) шағын аудандарында жаңа жол салына бастады. Сайын көшесін 3,2 шақырымға, Тілендиев көшесін 10,5 шақырымға және Рысқұлов даңғылын да ұзарту жұмысы жүріп жатыр. Сонымен қатар, жалпы ауданы 15 мың шаршы метр болатын шұңқыр жөнделіп, жұмыс әлі жалғасып жатыр.

Суреттер: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tengrinews
Алматы әкімдігі ұсынған материал
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама