ПОДЕЛИТЬСЯ
29 шілде 2019 | 15:55
Жыл басынан бері ауылды жерлерде 77 мың жұмыс орны ашылған
Үкімет алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-мнистрі Ержан Жылқыбаев "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасын 2019 жылдың І жарты жылдығында іске асыру қорытындылары туралы айтып берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Үкімет алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-мнистрі Ержан Жылқыбаев "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасын 2019 жылдың І жарты жылдығында іске асыру қорытындылары туралы айтып берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы жылдың І жарты жылдығында елімізде 186 мың жұмыс орны құрылды, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7 пайызға өскен.
Салалар бойынша қарайтын болсақ, ең көп жұмыс орны саудада, құрылыста, ауыл шаруашылығында құрылған. Құрылған жұмыс орындарының негізгі бөлігі, яғни 30 пайызы Алматы қаласына, Алматы, Маңғыстау облыстарына тиесілі. Ал ауылдық жерлерде 77 мыңнан астам жұмыс орны ашылған, бұл 42 пайызды құрайды.
"Еңбек" бағдарламасы қабылданғалы 190 миллиард теңге бөлініп, 1,2 миллион адам қамтылды. Ал, осы жылы 124 миллиард теңге көзделіп, кем дегенде 700 мың азаматты қамту жоспарланып отыр. Ол былтырғы жылмен салыстырғанда 100 мың адамға көп", - деді бірінші вице-министр.
Жарты жыл ішінде 281 мың адам қамтылды, 52 пайызы - жұмыссыздар. 198 мың адам жұмысқа орналастырылды, соның ішінде 121 мыңы немесе 61 пайызы - тұрақты жұмыспен қамтылды.
Бағдарламаның бірінші бағыты "Кәсіптік оқыту" аясында қысқа мерзімді курстарға 22 мың адам жіберілді, оның ішінде 3 мың адам оқуды аяқтады. 1 қыркүйектен бастап Тегін техникалық және кәсіптік білім алуға 22,3 жас азамат жіберіледі. Бірінші вице-министр қатысушыларға берілетін стипендияның мөлшері 30 пайызға арттырылып, 21 788 теңгені құрайтынын айтты.
Сонымен қатар, оқудың тиімділігін арттыру мақсатында осы жылдан бастап білім беру ұйымдарына қойылатын талап күшейтілді. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп оқу орындарының тізілімі жасалып, бекітілді. Бүгінгі таңда оған 615 оқу орны мен оқу орталықтары енді.
"Жаппай кәсіпкерлікті дамыту" екінші бағытын іске асыруға биыл 83 миллиард теңге бөлініп, 19 мың адамды қамту жоспарда бар.
"Осы жылдың 6 айында 4 мың шағын несие берілді, оның ішінде ауылдарда - 3218, қалаларда - 600 шағын несие. Стартап жобаларын қолдауға 2130 шағын несие, зәкірлі кооперацияларды дамытуға 286, жеке істі кеңейтуге 1402 шағын несие берілді", - деді Ержан Жылқыбаев.
Шағын несие алушылардың ішінде әйелдердің үлесі 31,2 пайызды құрайды немесе 1 622 шағын несие берілген, ал жастардың үлесі - 16,4 пайыз құрайды немесе 855 шағын несие берілген.
Соның нәтижесінде, биыл шағын несие алған адамдар жаңа 5 мың жұмыс орнын құрған, оң әлеуметтік жағдайға қол жеткізді.
Жыл басынан бері "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 15 мың адам қамтылды, оның ішінде 12,5 мың адам бизнес жобаларын қорғап шықты.
"2019 жылдың соңына дейін оқитындардың санын екі есеге арттырып, қосымша 40 мың адамды оқытуды жоспарлап отырмыз. Бұған қосымша 3,2 миллиард теңге көзделуде", - деді бірінші вице-министр.
Мемлекет тарапынан табысы аз, көп балалы отбасыларды және халықтың басқа да әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында гранттар беруге 12 миллиард теңге бөлінді. Бүгінде 2 334 грант берілді.
Ержан Жылқыбаев жұмыспен қамтуды мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту, оқыту сапасын арттыру және кәсіпкерлікті дамыту мақсатында келесі шаралар қарастырылғанын атап өтті. Олардың қатарында үш жыл ішінде 200 мыңға жуық жас азаматтарды қамтитын 200 жаңартылған білім беру ұйымдарының базасында 100 сұранысқа аса ие индустриялық және сервистік мамандықтар бойынша мамандар даярлау, жыл сайын 20 мың жастар өкілдерін тарту арқылы "Бастау Бизнес" кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, 505 мың теңгеге дейін өтеусіз мемлекеттік гранттар беру.
Показать комментарии
Читайте также