ПОДЕЛИТЬСЯ
18 шілде 2022 | 10:47
Жыл басынан бері елден 8 миллион доллар ақша алып шығу әрекеті анықталған
Қазақстанда жыл басынан бері 8 миллион доллар ақша алып шығу әрекеті әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда жыл басынан бері 8 миллион доллар ақша алып шығу әрекеті әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралары туралы" 14 наурыздағы №830 Жарлығын іске асыру шеңберінде "Алматы" шекаралық бақылау басқармасы Алматы қаласының Авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен биылғы жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасынан 8 миллионнан аса АҚШ долларын әкетудің жолын кесті", - делінген хабарламада.
Осыған байланысты шекара қызметі азаматтарға "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес 10 000 АҚШ доллары баламасынан аса сомада шетел валютасын әкетуге тыйым салынғанын хабарлайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также