19 шілде 2021 | 17:40

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Фото: Тұрар Қазанғапов

2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 168,3 мың отбасындағы 816,2 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 168,3 мың отбасындағы 816,2 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 

Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 122,8 миллиард теңге бөлінген. Айта кетейік, АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Бұдан басқа, АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына толмаған балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. 2021 жылғы 1 шілдеде АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 201,5 мың балаға азық-түлік және тұрмыстық химия заттарының жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды.

Реклама
Реклама

Еске салайық, АӘК алушыларға ТЖ режимі мен карантин шектеулерінің қолданылуына байланысты 2020 жылы II, III және IV тоқсандарда, сондай-ақ 2021 жылы I, II тоқсандарда көмек тағайындау ұзартылды.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ egov.kz электрон үкімет порталы арқылы бере алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная