25 сәуір 2019 16:35

Жыл басынан бері қанша шенеунік жазаланды?

2019 жылы бірінші тоқсанда 305 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2019 жылы бірінші тоқсанда 305 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Барлық ережебұзушылықтар Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 200-бабы аясында тіркелген. 

Реклама
Реклама

Оның ішінде: 37 ескерту, 77 сөгіс, 83 қатаң сөгіс, 35 қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту. Сондай-ақ, алты төмендету және 67 жұмыстан босату болды.

91 басшы 10 ескерту, 32 сөгіс, 22 қатаң сөгіс, 12 қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту алды. Екеуінің қызметі төмендеді және 13-ін жұмыстан босатты. 

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірнеше мысалдар келтірді. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысындағы кенттердің бірінің әкімі өз қарамағындағыларға сыйақы төлеп, содан кейін алған ақшадан ардагерлерді Жаңа жылмен құттықтауға және әкім аппаратының басқа да әкімшілік шығындарын 20 мың теңгеден тапсыруын бұйырған. Әкім жұмыстан босатылды.

Ал СҚО әкімі жергілікті жолдарды жөндеуге арналған бюджетті ысырап еткені үшін жұмыстан босатылған. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram