02 қараша 2021 | 14:15

Жыл басынан бері Қазақстанға 16 мыңға жуық этникалық қазақ келді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:gov.kz

2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 15 903 адам тарихи Отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 15 903 адам тарихи Отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 86,2 мың этникалық қазақ оралды.

Осы жылдың басынан бері қандастардың жартысынан көбі (76,3 пайыз) Қазақстанға Өзбекстаннан келген, 9,5 пайыз - Қытайдан, 6,1 пайыз -Түрікменстаннан, 2,5 пайыз - Моңғолиядан және 5,5 пайыз басқа елдерден.

Реклама
Реклама

Келген этникалық қазақтар негізінен, Алматы (28,3 пайыз), Түркістан (13,4 пайыз), Маңғыстау (19,1 пайыз) және Жамбыл (8 пайыз) облыстарына, сондай-ақ, Шымкент (10,5 пайыз) қаласына қоныстанды.

Ағымдағы жылдың 1 қарашадағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 55 пайызды, еңбекке қабілетті жастан кішілері 28,1 пайызды және зейнеткерлер 16,8 пайызды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,1 пайызы жоғары білімді, 40,1 пайызы орта кәсіби білімді, 45,5 пайызы жалпы орта білімді және 3,4 пайызында білімі жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram