ПОДЕЛИТЬСЯ
10 тамыз 2020 | 17:04
Жыл сайын миллионға жуық қазақстандық ЖРВИ және тұмаумен ауырады
Қазақстанда жыл сайын ЖРВИ және тұмаумен миллион адамға дейін ауырады. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметовтың айтуынша, биыл бұған коронавирус та қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда жыл сайын ЖРВИ және тұмаумен миллион адамға дейін ауырады. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметовтың айтуынша, биыл бұған коронавирус та қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
"Осы күзде тұмау мен ЖРВИ ауруларының маусымында коронавирустың өршуін, яғни жаңа толқынның басталуын күтіп отырмыз. Жүйе болуы мүмкін осы соққыны қабылдауға дайын. Өткен жылдары, таяудағы 5-7 жылда Қазақстанда орта есеппен қазан-наурыз аралығында 600 мыңнан миллион адамға дейін тұмау және ЖРВИ-мен ауырған. Міне, осы ЖРВИ мен тұмаумен ауыруы мүмкін адамдарға, онымен қоса коронавирус инфекциясы да жұғуы мүмкін", - деді Қожахметов ОКҚ брифингінде.
Ол Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық жағдайдың дамуын модельдеу үшін сарапшылар қауымдастығының өкілдерін тартатынын түсіндірді.
"Болжамдар ықтимал қауіп-қатердің ең нашар сценарийіне негізделген. Бұл денсаулық сақтау жүйесі кез-келген жағдайға дайын болуы үшін жасалады. Осылайша, Қазақстан үкіметі бүгінде COVID-19-дың таралу процесін толық бақылауды ұйымдастыру үшін барлық қажетті ақпаратқа ие. Осы жылдың болжамдары негізінде халыққа медициналық қызмет пен көмекті уақтылы және сапалы көрсету бойынша шаралар қабылданады", - деп сендірді ол.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также