Жыл сайын мыңдаған қазақстандық қорқынышты диагноз туралы біледі

Қазақстанда жыл сайын 40 мыңға жуық адам қатерлі ісікке шалдығады. Бұл деректерді бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда жыл сайын 40 мыңға жуық адам қатерлі ісікке шалдығады. Бұл деректерді бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың мәліметінше, Қазақстанда онкологиялық ауруларды ерте кезеңде (0-I сатылар) анықтау көрсеткіші өткен жылы өсіп, жаңа қатерлі ісік жағдайларының жалпы құрылымында 31,4 пайыз болған.

"Жыл сайын Қазақстанда шамамен 40 мың адам қатерлі ісікке шалдығады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 230 мыңнан астам қазақстандық онкологиялық есепте тұр. Ең көп таралған қатерлі ісік түрлері – сүт безі, колоректалды ісік, өкпе обыры, асқазан мен жатыр мойны ісігі", – деді министр.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, Қазақстанда онкологиялық науқастарды емдеу бағытын олардың клиникалық тобына қарай қайта қарастыру жоспарланып отыр. Осыған байланысты онкологиялық көмек көрсету стандарттарына тиісті өзгерістер енгізілмек.

Министрлік өңірлік денсаулық сақтау басқармаларына онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Қатерлі ісік диагнозы қойылған науқастар психологиялық және әлеуметтік қолдауға аса мұқтаж. Қазақстанда алғаш рет онкологиялық науқастарды қолдау мақсатында тең деңгейдегі кеңес беру жобасы іске қосылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама