02 маусым 2023 | 14:38

Жылжымайтын мүлікке қарағанда көп. Қазақстандықтар 100 миллиард теңгені қайда жұмсаған?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов елдегі құмар ойын мәселесіне тоқталды. Ведомство басшысы өз сөзінде қазақстандықтар операция және жылжымайтын мүлікке қарағанда құмар ойындарға екі есе көп ақша жұмсайтыны туралы статистиканы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов елдегі құмар ойын мәселесіне тоқталды. Ведомство басшысы өз сөзінде қазақстандықтар операция және жылжымайтын мүлікке қарағанда құмар ойындарға екі есе көп ақша жұмсайтыны туралы статистиканы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елорда әкімдігінде ведомство басшысы ұлттық статистикаға сәйкес, былтыр ойын және бәс тігу қызметтерінің көлемі пандемияға дейінгі 2019 жылмен салыстырғанда 40 есеге өскенін айтты.

"Соңғы екі жылда құмар ойындар нарығы жылжымайтын мүлік нарығын басып озып, қазақстандықтар ең көп ақша жұмсайтын жетекші орынға ие болды. Биыл бірінші тоқсанда ғана халықтың шығындары 100 миллиард теңгеден асты. Бұл кітапханалар мен мұражайлардың қызметтерінен 70 есе, шығармашылық пен өнерден 50 есе, IT қызметтерінен бес есе және жылжымайтын мүлік операцияларынан екі есе көп. Бұл өте қауіпті үрдіс", - деді Ахметжанов.

Реклама
Реклама

Құмар ойындарға тәуелділік жағдайы қиындап барады, деп қосты ведомство басшысы. Министрдің айтуынша, қазір бұл салада озық халықаралық тәжірибені пайдалану қажет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная