30 қыркүйек 2021 | 12:39

Жылжымайтын мүлікке қатысты 50 миллион теңгеден асатын мәмілелер тексеріледі

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Қазақстанда 50 миллион теңгеден бастап жылжымайтын мүлікке қатысты операцияларды тексеру жоспарланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 50 миллион теңгеден бастап жылжымайтын мүлікке қатысты операцияларды тексеру жоспарланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаттары қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түзетулерді қарады.

Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар бойынша тексерулер жүргізу үшін шекті мәндерді 200 миллионнан 50 миллион теңгеге дейін төмендету жоспарланған. Депутат Сергей Симоновтың айтуынша, операциялардың бұл түрі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудағы және терроризмді қаржыландырудағы жоғары тәуекелге жатады.

Реклама
Реклама

"Бізде орта есеппен заңдастыру немесе терроризмді қаржыландыру кезінде жылжымайтын мүлікпен немесе басқалармен жасалатын мәмілелер әлдеқайда төмен, әртүрлі өңірлерде тұрғын үй құны да өте жоғары емес. Сондықтан бұл төмендеу барлық операцияны неғұрлым жедел талдауға, күмәнді операцияларды анықтауға мүмкіндік береді және қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуды заңдастыру және терроризмді қаржыландыру бойынша жоғары тәуекелдерді төмендетеді.

Халықаралық тәжірибеге сүйенетін болсақ, Ресейде жылжымайтын мүлікпен операциялар жүргізудің ең төменгі шегі шамамен 18 миллион (теңге - ескерт.), Беларусьте жеке тұлғалар үшін 9 миллионнан сәл асады, жеке кәсіпкерлер үшін 97 миллион теңге ішінде, Арменияда шамамен 43 миллион теңге", - деді Симонов. 

Сондай-ақ, тексерулер ойын бизнесіндегі ұтыстарға әсер етеді. Мұндай мәмілелерді тексеру сомасы 3 миллионнан 1 миллион теңгеге дейін төмендеді.

"Екінші мәміле бәс нәтижесі бойынша қолма-қол ақшалай ұтысқа қатысты, ойын мекемелері 3 миллионнан 1 миллион теңгеге дейін төмендеді. Бұл ФАТФ (ақшаны жылыстатуға қарсы қаржылық іс-қимыл тобы) ұсынымы аясында ойын бизнесі бойынша үш мың доллар шегінде, бүгінде 1,2 миллион бағамы бойынша шек қойылғандығына байланысты. Сондықтан біздің заңда барлық шекті мән бойынша нақты сандар бар, сол үшін бір миллионға тоқтадық", - деп толықтырды депутат.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram