08 желтоқсан 2023 09:42

Жылу трассасындағы апат салдарынан Степногорскіде ондаған отбасы жылусыз қалды

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Бейсенбі, 7 желтоқсанда сағат 21:45-те Степногорск қаласында Д-600 жылу магистралінде жарық пайда болды. Апат салдарынан бірқатар көпқабатты үйлерде жылу болмады. Бұл ретте сырттағы ауа температурасы -30 градусқа дейін жетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқиға орнына Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов арнайы келіп, оқиғаның мән-жайымен танысты.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қанат Доспаевпен төтенше жағдайларды жою штабы құрылғаны айтылды.

"Залал мән-жайы анықталды. Олар қазірдің өзінде апатты жою үшін жұмыс істеп жатыр, сондықтан барлығы бақылауда", - деді Марат Ахметжанов.

Қазір апат орнында "Степногорск жылу транзит" ЖШС мамандары жұмыс істеп жатыр. Тұрғын үйлерге жылу беру жақын арада қалпына келтіріледі деп уәде беріліп отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram