ПОДЕЛИТЬСЯ
08 желтоқсан 2021 | 16:13
Жылыжайлар және жаңа әуежай терминалы: Болат Өтемұратов Қоры жыл қорытындысын шығарды
2021 жылы Болат Өтемұратов Қоры денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және мұқтаж адамдарға қолдау көрсету саласындағы жобаларға 3 миллиард теңге қаражат бөлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
2021 жылы Болат Өтемұратов Қоры денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және мұқтаж адамдарға қолдау көрсету саласындағы жобаларға 3 миллиард теңге қаражат бөлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қордың Қамқоршылар кеңесінің төрағасы, доктор Алмаз Шарман 2021 жылы Қор жұмыс істеген он сегіз жоба туралы әңгімеледі. Оның ішінде - "Аутизм. Барлығына бір әлем" жобасының кеңейтілуі, "Жасыл Мектеп", "Jas Leader Akademiiasy" жобалары, табиғи апаттардан зардап шеккендерге көмек көрсету және мұқтаж отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету жобалары.
"Jas Leader Akademiiasy" балаларға қарым-қатынас жасау, команда болып жұмыс істеу, көпшілік алдында сөз сөйлеу және уақытты басқару дағдыларын дамытуға және жетілдіруге көмектеседі. Пилоттық жобаға Шымкент қаласы мен Түркістан облысының 50 мектебі қатысуда. Бес жыл ішінде жалпы бюджеті 2,1 миллиард теңгені құрайтын жобаға жеті облыстың мектептері қосылады", – деп атап өтті Шарман мырза.
Балаларға арналған "Жасыл мектеп" экологиялық жобасы Алматының 16 мемлекеттік мектебінде басталды, онда Қор ақылды тамшылатып суару жүйесі, жарықтандыру және жылыту жүйесі бар жылыжайлар салып, оқушыларға арналған оқулықтар және қадамдық нұсқаулығы бар мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал шығарды.
Қор қуаңшылық кезінде Арал ауданына көмек көрсетіп, мал азығын және жайылымдар мен шабындықтарды суландыру үшін ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға 300 миллион теңге бөлді. Арал ауданы үшін Аспай суағарының қалпына келтірілуі айтулы оқиға болды, оның арқасында Кіші Арал теңізіне су құйылып отыр.
Қызылорда облысы Арал қаласының отбасылары "Баламекен" жобасы арқасында жаңа баспанаға ие болды. Қор көпбалалы және мұқтаж отбасылар үшін жалпы сомасы 300 миллион теңгеге 40 жаңа пәтер сатып алуға қаржы бөлді.
"Асыл Мирас" аутизм орталықтарының желісі кеңеюде. Жыл соңына дейін Таразда оныншы, ал келесі жылы Қарағандыда жаңа аутизм орталығы өз есіктерін ашады. 2021 жылы 2 152 бала осы орталықтарда интервенция бағдарламаларынан өтті, ал бағдарлама істеп тұрған уақыт ішінде 11 076 бала бағдарламадан өтті.
Қазақстанның Қызыл Жарты айымен бірлестікте Қор "Көмек картасы" жобасын жалғастыруда. Су тасқынынан зардап шеккен адамдар 53 миллион теңге сомасында қаржылай көмек алды. Риддер қаласында болған орман өрті кезінде үйлері өртенген отбасыларға жалпы сомасы 30 миллион теңгеге "Көмек картасы" берілді.
Болат Өтемұратов Қоры Батырхан Шөкенов атындағы Қордың жобаларына қолдау көрсетуді жалғастыруда. Олардың қатарында – "Отан Ана" альбомының винилде шығарылуы, композиторларға арналған алғашқы музыкалық резиденцияның өткізілуі және атаулы шәкіртақы тағайындалуы. "Батырхан Шөкенов атындағы Қормен ынтымақтастығымыздың шарықтауы Батырды еске алуға арналған қоғамдық кеңістіктің құрылуы болмақ, оны келесі жылдың мамыр айында ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл – елорданың тұрғындары мен қонақтарына жасалған сыйлық, ол ұлы музыкантты қастерлейтін жандарға өте ұнайды", – деп Қамқоршылар кеңесінің мүшесі, ҚР халық әртісі Жәния Әубәкірова Қордың алдағы жылғы жоспарларымен бөлісті.
Қор Қызылорда қаласының әуежайында жаңа терминал құрылысын қаржыландырады. Терминал Қызылорда облысы әкімдігінің меңгерілуіне беріліп, сағатына 300-ге жуық жолаушыға қызмет көрсете алатын болады.
Болат Өтемұратов Қорының негізі 2014 жылдың басында қаланды. Қордың миссиясы – денсаулық сақтауды, білім беру мен мәдениетті дамытуға ықпалдаса отырып, Қазақстанды бүгін және болашақта адамдардың өмір сүруі үшін үздік мекенге айналдыруға көмектесу.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также