"Кабинетте отырмаңыздар". Премьер-министр Әлихан Смайылов жылыту маусымына дайындық мәселесін талқылады

Алғабек Хамитұлы Корреспондент
Фото:primeminister.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет мүшелерін қысқы кезеңге дайындық жұмыстарының баяу жүріп жатқанын сынға алып, кабинеттерінде отырмай, жұмыс істеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет мүшелерін қысқы кезеңге дайындық жұмыстарының баяу жүріп жатқанын сынға алып, кабинеттерінде отырмай, жұмыс істеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жылыту маусымына дайындық мәселелеріне арналған Үкімет отырысында премьер-министр жылу беру маусымына дайындық деңгейі әлі де нашар екенін айтты.

"Жалпы, жылыту маусымына дайындық жұмыстарын нашар деп бағалаймын. Бірінші басшылардың, әкімдер мен министрлердің жауапты орынбасарлары "кабинетте отырмай" жұмыстың бел ортасында жүруі тиіс. Проблемаларды объектінің басында шұғыл шешу қажет. Арқаны кеңге салатын уақыт жоқ, жаз ортасы келіп қалды. Тәулік бойы жұмыс істеу керек. Бізде құрылыс маусымы өте қысқа, сондықтан тәуекел де жоғары. Егер, жаз біткенше жағдай жақсармайтын болса, онда жауапты адамдарға қатысты кадрлық шешімдер қабылданатын болады", - деді Әлихан Смайылов.

Реклама
Реклама

Осыған дейін премьер-министр Әлихан Смайылов өткен жылғы қыста болған апаттар саны айтарлықтай өскенін мәлімдеді. Оның себебі әкімдік көпжылдық формальды жылыту маусымына дайын болмаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная