Қабырғаға скотчпен жабыстырылған банан 3 миллиард теңгеге сатылды

әлеуметтік желіден

Sothebyʼs аукционында суретші Маурисио Каттеланның инсталляциясы - қабырғаға скотчпен жабыстырылған банан 6,2 миллион долларға (3 100 000 000 теңге) сатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Sothebyʼs аукционында суретші Маурисио Каттеланның инсталляциясы - қабырғаға скотчпен жабыстырылған банан 6,2 миллион долларға (3 100 000 000 теңге) сатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заманауи өнер туындысын қытайлық крипто-кәсіпкер және коллекционер Джастин Сан сатып алды.

Ол Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында бұл инсталляцияны "өнер, мемдер және криптовалюта қауымдастығының әлемін байланыстыратын" мәдени феномен деп атады және жақын арада осы бананды жеуге ниетті екенін айтты.

Реклама
Реклама

Бұл туынды сатып алушыға түпнұсқалық сертификатымен және банан шіріген кезде оны қалай ауыстыру керегі жазылған нұсқаулықпен жеткізіледі.

Еске салайық, Маурисио Каттелан 2019 жылдың желтоқсан айында еденнен 160 сантиметр биіктікте ақ қабырғаға күміс скотчпен жабыстырылған банан түріндегі инсталляцияны Майамидегі Art Basel көрмесінде көрсеткен болатын. Ол өзінің бұл туындысын "Комик" деп атады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама