"Қадағалау бекетін айналып өткен" Нұр-Сұлтанда 50 мың теңгеге жолаушы тасымалдаған жүргізуші ұсталды

30 жастағы жүргізуші Нұр-Сұлтан маңындағы қадағалау бекетін айналып өтіп, жолаушы тасымалдаған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

30 жастағы жүргізуші Нұр-Сұлтан маңындағы қадағалау бекетін айналып өтіп, жолаушы тасымалдаған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сағат 17:30-да Қарағандыға баратын дала жолынан Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны ұсталды. Ол Renault Logan маркалы көлігімен қадағалау бекетін айналып өтіп, 50 мың теңгеге жолаушы тасымалдаған.

"Жүргізушіге қатысты ҚР әкімшілік кодексінің 476 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс Нұр-Сұлтан қаласындағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа жіберілді. Оның көлігі мамандарындырылған автотұраққа қойылды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Полиция қызметкерлері елде төтенше жағдай жарияланғанына қарамастан Нұр-Сұлтан маңындағы бақылау-өткізу бекетін айналып өтіп, жолаушы тасымалдаған жүргізушілерді анықтауда.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама