Кафе қонақтарын ұрып-соққан күзетшілер 7 жылға дейін сотталуы мүмкін

Павлодарда?ы кафелерді? бірінде ?она?тарды ?рып-со??ан к?зетшілер 7 жыл?а дейін сотталуы м?мкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодардағы кафелердің бірінде қонақтарды ұрып-соққан күзетшілер 7 жылға дейін сотталуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күзет фирмасының күзетшілері ұсталды. "Бұл дерек "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай реестрге тіркелді."Элекор Кузет" күзет фирмасының екі қызметкері ұсталды", - деп хабарлады облыстық ІІД өкілдері. 

Сонымен қатар, полициядағылар осы дерек бойынша құқық қорғау органдарына ешкімнің шағымданбағанын атап өтті. Әлеуметтік желілерде таралған видеоға қатысты тексеріс басталды. Егер ұсталғандардың кінәсі дәлелденсе, олар жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екен. 

Реклама
Реклама

Ал осының алдында "Элекор Кузет" күзет агенттігінің өкілдері болған оқиға жайлы өз нұсқасын айтқан еді. Еске салайық, Павлодарда автомат асынғандардың ер адамдарды аяусыз ұрып-соққан видеосы пайда болған еді. Ролик кадрларында автомат асынған және форма кигендер кафелердің бірінде ер адамдарды аяусыз ұрып-соққаны көрінеді. Видеоға түсіріп отырғандар оларды сабырға шақырады. Алайда олар құлақ аспайды. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама