19 тамыз 2024 | 14:14

ҚАЖД бастығына пара алғаны үшін айыппұл салынды

Фото: gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД бұрынғы бастығына үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД бұрынғы бастығына үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

Петропавл қалалық соты Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Әділет Мұстафиновке қатысты үкім шығарды.

"Ол делдал арқылы СҚО Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне ұн жеткізу бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу шартын жасасуға жәрдемдесіп, кәсіпкерден бір миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімімен Мұстафинов мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырып, 30 миллион теңге көлемінде айыппұл салуға сотталды", - делінген Антикор хабарламасында.

Реклама
Реклама

Осы үкіммен пара беруші мен делдал пара алуда тиісінше 20 миллион және 10 миллион теңге көлемінде айыппұл салуға сотталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

"Енгізілген ұсынымның нәтижелері бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен тиісті ведомстволық бақылау мен профилактикалық жұмыстың жоғы үшін қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Комитет төрағасы әділет полковнигі Т. Жәнібековке сөгіс, оның орынбасары әділет генерал-майоры М.Ербаевқа, өз қауіпсіздігі, Кадрлық жұмыс және тылдық қамтамасыз ету басқармаларының бастықтарына қатаң сөгіс жарияланды. Сол бұйрықпен Мұстафинов теріс себептермен ішкі істер органдарынан босатылды", - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарламасында.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram