19 тамыз 2024 | 14:35

ҚАЖК басшысына сөгіс жарияланды

Теңізжан Жәнібеков. Фото: gov.kz

ҚАЖК басшысы Теңізжан Жәнібековке сөгіс жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚАЖК басшысы Теңізжан Жәнібековке сөгіс жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

Петропавлда СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Әділет Мұстафиновқа бір миллион теңге пара алғаны туралы іс бойынша үкім шығарылды. Ол мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырып, 30 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, тиісті ведомстволық бақылау мен профилактикалық жұмыстың жоқтығы үшін ұсынылған ұсыныстың нәтижелері бойынша ІІМ бұйрығымен Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Реклама
Реклама

"Атап айтқанда, комитет төрағасы әділет полковнигі Т. Жәнібековке сөгіс, оның орынбасары әділет генерал-майоры М.Ербаевқа, өз қауіпсіздігі, Кадрлық жұмыс және тылдық қамтамасыз ету басқармаларының бастықтарына қатаң сөгіс жарияланды. Сол бұйрықпен Мұстафинов теріс себептермен ішкі істер органдарынан босатылды", - делінген Антикордың ресми хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Антикорда Мұстафинов СҚО Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне ұн жеткізу бойынша қызметтер көрсетуге мемлекеттік сатып алу шартын жасасуға жәрдемдескені үшін кәсіпкерлік субъектісінен бір миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктенгені хабарланған болатын. Ол үй қамауында болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная