16 қыркүйек 2023 15:24

Қала жастары экологиялық акцияға белсенді қатысты

Шымкент қаласында 16 қыркүйек күні «World clean up day» - «Дүниежүзілік тазалық күнінде» «Киелі табиғат» бірыңғай республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік іс-шарасы өтті.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент қаласында 16 қыркүйек күні «World clean up day» - «Дүниежүзілік тазалық күнінде» «Киелі табиғат» бірыңғай республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік іс-шарасы өтті.

Сайрам тұрғын алабындағы тарихи орындарға арнайы ұйымдастырылған тазалық акциясына қала жастары қолдау көрсетіп, белсенділік танытты. Дәстүрлі экоакцияға ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма қызметкерлері, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер, қала жастары және эковолонтерлер қатысты.

Реклама
Реклама

Іс-шарада қала жастары тұрғын алаптағы Сайрам қалашығы (Исфиджаб), Абдель-Азиз баб, Ибрагим-ата кесенесі, Қожа Салих кесенесі, Мірәлі баб кесенесі, Қарашаш ана кесенесі, Қызыр мұнарасы тарихи нысандарында тазалық жұмыстарын жүргізіп, киелі орындарды аралады.

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Сәкен Шәкеев экологиялық акцияның тәрбиелік мәні зор екенін атап өтті.

”Сайрам қалашығынан басталған экосенбіліктің мақсаты — тарихи, киелі орындарды жастарға насихаттау, оларды келешек ұрпаққа сақтап қалу. Киелі жерлер болғандықтан ұдайы тазалық жұмыстары жүргізіліп отырады. Тәрбиелік мәні зор іс-шара қала жастарына, туристерге зор серпін береді”, — деді басқарма басшысы.

Айта кетсек, 250-ден астам қала жастары, волонтерлер, зиялы қауым өкілдері тазалық іс-шарасына белсене үлес қосты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Шымкент қаласының ІСБ ұсынған материал
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram