22 қыркүйек 2022 18:00

Қала күні аясында "Кітап Fest" фестивалі өтті

Қызылорда қаласы күні мерекесінің кезекті тағылымды шарасы "Өнер арбаты" бойында өткізілді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда қаласы күні мерекесінің кезекті тағылымды шарасы "Өнер арбаты" бойында өткізілді.

Қала әкімі Асылбек Шаменов кітап көрмесі мен сатылым акциясына, сондай-ақ "Буккроссинг" кітап сөресінің ашылу салтанатына арнайы қатысты.

Реклама
Реклама

Қатысушылар Өнер арбатын бойлай орналасқан "Өткені сырлы, келешегі нұрлы - Қызылорда" атты кітап көрмесі мен кітап жәрмеңкесін аралап, тамашалады.

Фестиваль аясында Алматы қаласынан "Отбасы хрестоматиясы" қоғамдық қоры және Түркістан қаласынан "Мазмұндама" қоғамдық қоры, сондай-ақ облыс орталығындағы "Кітап ал" кітап дүкені өз кітаптарын сатылымға шығарып, кітап мерекесінің көрігін қыздырды.

Кітап жәрмеңкесін көріп болған соң қала әкімі бастаған құрметті қонақтар "Буккроссинг" өзің оқысаң, өзгеге табыс ет қағидасына негізделген кітап сөресінің ашылу салтанатына қатысып, кітапхананың үздік оқырмандарын марапаттады.

Содан соң шаһар басшысы Асылбек Шаменов, қалалық мәслихат хатшысы Ибадулла Құттықожаев және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр тарланы, режиссер Хұсейн Әмір-Темір бірге кітап сөресінің лентасын қиып, арнайы кітапшаға өз лебіздерін жазып қалдырды. Кітап мерекесі ары қарай қалалық кітапханалардың мәдени шарасы мен "Bookathon" зияткерлік сайысына ұласты.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram