04 ақпан 2021 09:32

Қала орталығында қате жазылған жол белгілері алматылықтарды ашуландырды

Қала орталығында қате жазылған жол белгілері алматылықтардың ашуына тиді. Желі қолданушылары Ботаникалық бақ аймағындағы жол белгілерінің суретін жариялады. Әкімдік пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қала орталығында қате жазылған жол белгілері алматылықтардың ашуына тиді. Желі қолданушылары Ботаникалық бақ аймағындағы жол белгілерінің суретін жариялады. Әкімдік пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz редакциясына Алматы тұрғындарынан хабарлама келді. Олардың айтуынша, қала көшелерінде қазақ және ағылшын тілдерінде қате жазылған, орыс тіліндегі нұсқасы жоқ жол белгілері орнатылған. Олар қалай дұрыс жазылатынын да жолдады. 

Реклама
Реклама

"Лингвист маман ұсынған латын тілінде дұрыс жазылған нұсқасы.

Тимирязев көш.
Timiryazev st.

Ботаникалық бақ
Botanical garden

Бұқар Жырау ж-л
Buqar Jyrau blvd", - дейді тұрғындар.

Әкімдік қате жазылған жол белгілеріне қатысты түсінік берді.

"2020 жылы "РСП" Эталон" ЖШС мердігерлік ұйымы Ғабдуллин көшесінде Әуезов пен Байзақов көшелерінің аралығында жаяу жүргіншілер аймағына күрделі жөндеу жүргізді.

Жол белгілерін дайындау кезінде қателер болған. Қазіргі уақытта мердігер ұйым өз қаражаты есебінен басқа белгілерді дайындап жатыр. Белгілер 2021 жылдың 10 ақпанына дейін ауысады", - деді әкімдіктегілер.

Айта кетейік, қаңтарда латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы ұсынылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram