08 мамыр 2019 | 10:20

Қала тұрғындары ауылдықтарға қарағанда етті көп жейтін болған - Зерттеу

Камила Долаева Журналист
©Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтар жылына орташа есеппен 78 келі ет пен ет өнімдерін тұтынады. Сонымен қатар, қала тұрғындары ауылдықтарға қарағанда етті 9 пайызға артық жейтін болған. Мұндай статистиканы Ranking.kz сарапшылары келтіріп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар жылына орташа есеппен 78 келі ет пен ет өнімдерін тұтынады. Сонымен қатар, қала тұрғындары ауылдықтарға қарағанда етті 9 пайызға артық жейтін болған. Мұндай статистиканы Ranking.kz сарапшылары келтіріп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зерттеудегі мәліметтерге қарағанда, ет және ет өнімдерінің бағасы соңғы айда 0,4-1,4 пайызға өскен, ал жылдық өсім 5 пайыздан 15,2 пайызға жеткен.

Реклама
Реклама

2019 жылы сәуірде қой етінің бағасы 1,2 пайызға, келісіне 1501,8 теңгеге дейін (бір жыл ішінде өсім 7,1 пайыз ) айтарлықтай өсті. Сиыр еті мен шошқа еті бір айда 0,8 пайызға, бір келі үшін 1575,1 теңге және 1341,9 теңгеге дейін қымбаттады. Осылайша, бір жылда сиыр еті 5,3 пайызға, шошқа еті 6,6 пайызға қымбаттаған.

"Бір айда салыстырмалы бағасы қатты қымбаттамаған - жылқы еті (0,5 пайызға,  келісіне 1789,4 теңгеге дейін) және тауық (0,4 пайызға, 853,2 теңгеге дейін). Айта кетейік, ет өнімдерінің ішінде ең қатты қымбаттаған - жылқы еті - 9,1 пайызға, тауық еті - 15 пайызға. Басқа ет өнімдерінің арасында бір айда сало (1,4 пайызға, 1603 теңгеге дейін) және сиыр бауыры (1,1 пайызға, 930,9 теңгеге дейін) айтарлықтай қымбаттады. Бір жылда сало (12,3 пайызға) және тауық еті (15,2 пайызға, 752,7 теңгеге дейін) өскен", - делінген сарапшылардың зерттеуінде.

Сондай-ақ, сарапшылардың зерттеуінде ауылдық жерлерде ет және ет өнімдеріне деген шығынның айтарлықтай өскені айтылады: 19,8 пайызға, яғни 73,8 мың теңгеге дейін. Қалалардағы өсім - 12,8 пайыз, 103,6 мың теңгеге дейін.

"Үй шаруашылықтарының ет және ет өнімдерін тұтынуы бір жылда 6,8 пайызға өсті (қалаларда 6,6 пайызға, ауылдарда 7 пайызға) және 2018 жылы жан басына шаққанда орташа есеппен 77,9 келі болды. Оның ішінде жылқы (бір жылда өсім 18,6 пайызға, 4,6 келіге дейін) және тауық (жылына 17,7 пайызға, 4,2 келіге дейін) сұранысқа ие. 

Сиыр етін тұтыну 3,8 пайызға, 24,8 келіге өсті. Ет өнімдерінен ең көп фаршты тұтыну бірден 26,1 пайызға, 7,7 келіге дейін, сондай-ақ, сиыр бауырын тұтыну - 17,5 пайызға, 0,9 келіге дейін өскен", - делінген зерттеуде.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная