04 қазан 2022 | 11:14

Қалалардағы бейберекет құрылыс: премьер-министр бірқатар тапсырма берді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Премьер-министр Әлихан Смайылов 2023 жылдың аяғына дейін мемлекеттік қала кадастр жүйесін толығымен енгізуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министр Әлихан Смайылов 2023 жылдың аяғына дейін мемлекеттік қала кадастр жүйесін толығымен енгізуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында Смайылов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевқа жүгінді.

"Жұртшылық тарапынан қалалардағы бейберекет тығыз құрылыс бойынша көп сұрақ туындап отыр. Қазір қандай шаралар қолдана аласыз" - деп сұрады премьер.

Реклама
Реклама

"Заңнамаға өзгертулер енгізіліп жатыр. Жиналған материал бойынша әкімдіктер қандай инфрақұрылым бар, соған ұқсас нысандар бар ма, жоқ па, бұл мәселелерді қалалық кадастрда қарастырып, шешім қабылдай алады", - деп жауап берді Өскенбаев.

Үкімет басшысы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне 2023 жылдың аяғына дейін мемлекеттік қалалық кадастр жүйесін толық енгізуді және автоматтандыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

Цифрлық даму министрлігіне Индустрия және ауыл шаруашылығы министрліктерімен бірлесіп, барлық кадастрлық ақпараттық жүйені біріктіруді қамтамасыз ету тапсырылды.

"Өңір әкімдіктері жергілікті бюджеттен желілерді түгендеуге қаражат бөлсін. Қала құрылысы кадастры жүйесіндегі түгендеу үлесін жыл аяғына дейін 75 пайызға, ал 2024 жылы 100 пайызға дейін жеткізу қажет", - деп толықтырды Смайылов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная