19 сәуір 2023 | 11:06

Қалаларымыздың көрінісі нашар. Әкімдер жаяу жүруі керек - Тоқаев

Дина Шарипханова Корреспондент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңес барысында қазақстандық қалалар мен елорданы абаттандыруға барынша назар аударуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңес барысында қазақстандық қалалар мен елорданы абаттандыруға барынша назар аударуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қалаларымыздың көрінісі нашар, мойындауымыз керек. Ойын алаңдары жабдықталмаған, үйлердің тозығы жеткен. Бюджеттері әлдеқайда аз болса да, шетелдегі, әсіресе Шығыс Еуропадағы, Балқандағы қалалар өте әдемі көрінеді.

Бұл муниципал биліктің жұмысы болса керек, екінші жағынан, бұл - қала тұрғындарының тұрғылықты жеріне деген көзқарасы. Қала тұрғындары өз көшелері мен үйлеріне немқұрайды қарайды деген мәселе туындап тұр. Ал бұл еліміздің имиджі мен беделін түсіреді. Айтпақшы, мұндай мәселе елордаға да қатысты", - дейді Президент.

Мемлекет басшысы елорданың биік мәртебесіне қаланың орталығы ғана емес, оның шеткі бөлігі де сай болуы керегін бірнеше рет айтқанын еске салды.

Реклама
Реклама

"Мұнда барлық деңгейдегі әкімдер бар. Мәслихат өкілдері. Назар аударыңыз. Жақында теледидардан Семейдегі балалар алаңы туралы сюжетті көрсетті. Бұл алаңды пайдалану қауіпті. Әкімдер өз қалалары мен елді мекендерінде жаяу жүруі керек. Бұл елордаға да қатысты", - дейді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная