Калашников, тапанша, бронжилет: Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ тәркіленді

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Ішкі істер министрлігі қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз айналымнан тәркілеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрлігі қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз айналымнан тәркілеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биыл 1 қыркүйектен бастап елімізде "Учаске" жедел алдын-алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Осы арқылы заңсыз айналымнан 50-ге жуық қару, 500-ден аса оқ-дәрі және 6 жарылғыш зат тәркіленген.

Бұдан бөлек: қару жасырылған 12 қойма анықталған; Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 6 қару және полицияның арнайы жабдықтары тәркіленген; оның біреуі - Калашников автоматы, бір тапанша, екі ойық мылтық және екі тегіс ұңғылы қару, сонымен қатар, қызметтік бронжилеттер мен каскалар бар; азаматтар 15 қаруды өз еркімен тапсырған.

Реклама
Реклама

"21 мыңнан аса азаматтық қару тексеріліп, 400-ден аса адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 5 қыркүйекте Алматы облысында жергілікті тұрғындар ұсталды, олардан Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласынан ұрланған арнайы мылтық тәркіленді", - деді ІІМ криминалдық полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары Жандос Батырбеков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама