01 тамыз 2018 18:11

Қалқаманда 4 миллиард теңгеге үй сатылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Krisha.kz сайтында Алматыдағы екіқабатты жеке үй 4 миллиард теңгеге сатылатыны жайлы хабарландыру ілінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Krisha.kz сайтында Алматыдағы екіқабатты жеке үй 4 миллиард теңгеге сатылатыны жайлы хабарландыру ілінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зәулім екіқабатты үй Алматыдағы Наурызбай ауданы Қалқаман-2 ықшамауданында орналасқан, 50 сотық жері бар.  

"Теңдесі жоқ жаңа резиденция сатылады. Ерекше ұсыныс. Ішкі дизайнын танымал дизайнерлер әрлеген. Спа-зонасы, кинотеатры бар, персоналға арналған бөлме, асхана бар, ашық бассейн, өз теннис корты бар. Орталықтандырылған автоматтандырылған жылыту және жел салқындату жүйесі бар", - делінген хабарландыруда.

Үйдің кірпіштен 2017 жылы қаланғаны айтылады. Ауданы - 2 мың шаршы метр. 

Үйдің суреттерін мына жерден көруге болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети