ПОДЕЛИТЬСЯ
23 қазан 2018 | 08:11
Қалқаманда метро салу үшін 38 жер телімі қолданыстан алынады
Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек метро желісін салу үшін жерді және жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп меншіктен шығару басталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Вечерний Алматы" сайтына сілтеме жасап.

"Электр көлігі үшін Алматы қаласы Наурызбай ауданы Қалқаман-2 ықшамауданындағы жер немесе басқа да жылжымайтын мүлікті мемлекет қажеті үшін мәжбүрлеп меншіктен шығару басталсын", - делінген әкімнің қаулысында.
Мүлікті меншіктен шығару 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін бекітілді.
Меншік иелері Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 514 бөлмесі мекен-жайы бойынша қосымша ақпарат ала алады.
Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасына меншік иелеріне хабарлап, заңда белгіленген тәртіппен жер телімінің иелеріне өтемақы төленуін қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс аяғына жеткенде Алматы қаржы департаментінің балансына беру тапсырылды.
Показать комментарии
Читайте также