ПОДЕЛИТЬСЯ
21 желтоқсан 2019 | 18:29
Қалың қар жауып, боран тұрады. Облыстарда ескерту жарияланды
Қазақстанның бес облысында қалың жауатын қар мен көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет РМК орталығына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның бес облысында қалың жауатын қар мен көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет РМК орталығына сілтеме жасап.
22 желтоқсанда түнде Түркістан облысында тауларда қалың қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады, батыстан жел секундына 15-20 метр, ал түнде екпіні 23-28 метрге дейін жетеді.
Бұл күні Шымкентте көктайғақ, боран болады, батыстан секундына 15-20 метр жел соғады. Түркістанда дауыл ықтималдығы - 90-95 пайыз.
22 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысына қалың қар жауады деген болжам бар. Кей жерлерде боран, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.
Өскемен мен Семейде қар жауып, боран соғып, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 22 желтоқсанда Қызылорда облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады, ал түнде екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.
Қостанай облысында боран соғып, тұман түседі, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр болатын жел соғады.
22 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыстікіне ұласады, екпіні секундына 9-14 метр болады.
Показать комментарии
Читайте также