08 желтоқсан 2021 12:57

Канадалық партия қазақстандық компанияның логотипін "ұрлады" деп айыпталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Канададағы Квебек провинциясының екінші маңызды саяси партиясы қазақстандық консалтингтік компанияның логотипін "ұрлады" деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі MTL Blog сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Канададағы Квебек провинциясының екінші маңызды саяси партиясы қазақстандық консалтингтік компанияның логотипін "ұрлады" деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі MTL Blog сайтына сілтеме жасап.

Квебек партиясы (Parti québécois) Труа-Ривьер қаласындағы жиналыста өзінің жаңа логотипін жариялағаннан кейін кейбіреулер партияның эмблемасы Қазақстандағы компанияның логотипіне ұқсас екенін байқаған.

Реклама
Реклама

Әңгіме KazContract туралы болып отыр, оның логотипі "Q" әрпімен айшықталған. Графикалық суретші Винсент Бодри өзінің Twitter-дегі парақшасында логотиптердің ұқсастығын атап өтті, логотиптің әр бөлігі жай ғана сәйкестік болу үшін тым ұқсас екенін айтты.

"Parti québécois логотипі - 2018 жылы Facebook-те жарияланған Қазақстандағы компания логотипінің көшірмесі", - деп жазды ол.

Партия логотипінің бұрынғы нұсқаларында үшбұрышқа ұқсас құйрығы бар "Q" әрпі болғандығы айтылған, қазір дизайнда геральдикалық лалагүл жапырақтары бар. 

Квебек партиясының (Parti québécois) ұлттық сепаратистік бағытта мақсаттары бар. Олар - Квебектің мемлекеттік егемендігі, француз тілі мен Квебек халқының мәдениетін сақтау. Провинцияда партия 1976-1985 жылдары, содан кейін 1994-2003 және 2012-2014 жылдары билікте болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram